Домашнее задание
Сәуір: «Біз еңбекқор баламыз»
Тақырып «Аялайық гүлдерді»
- Логопедтің жеке түзету жұмыс жоспары бойынша.
- (Дыбыс қоюға арналған даярлық кезең,артикуляциялық ,тыныс алу жаттығулары). Ат,тәтті тосап,кесе піл,бақа т.б
- Ұсақ моторикасын дамыту: әр түрлі ойындар мен жаттығулар.
- Дыбыс айту іс-әрекеті:Жанды және жансыз дыбыстармен қайталау.
- [Ы] дыбысымен таныстыру.Берілген дыбыстың сөзде айтылуы сурет бойынша жұмыс, сол сөздермен сөйлем құрау, осы дыбыстарға байланысты тақпақтармен жаңылтпаштар айтқызу.
Тақырып бойынша жұмыс:
-Тілдерін дамыта отырып «Гүлдер» туралы түсініктерін бекіту.
-Белсенді сөз қорларын Д\О «Гүлдің атын ата» ойыны арқылы дамыту.
- Гүлдердің түрлерінің атауын білу. Суреттен көргендерін атай алу.
-Гүлдердің суретіне қарап сипаттап,салыстырып, ерекшеліктерін ажырата алу.
5..Д/О психикалық процесстерін дамыту:Д/О «Төртінші артық», «Қайсысы жоқ?», «Сыңарын тап».
Үйге тапсырма (міндетті түрде баланың жауабы жазылсын).
1.Қандай гүлдердің түрлерін білесің ?(баланың жауабын жазу керек) ........................................................................................................................ ...............................................................................................................................................
2.Гүлдер қайда өседі? ..............................................................................................................................................
.............................................................................................................................................
3. «Гүл» тақпағын үйде жаттатқызу, (Қимылмен өздері біледі,қайталату).
Гүлім, гүлім, өсе бер,
Әдемі боп, асыл боп.
Күндей жайнап кете бер,
Қызыл, сары, жасыл боп.
4.[Ы]-дыбысының ережесін қайталату..[Ы]-дыбысын айтқанда :аузымыз кең ашылады,тіліміз ауыз ішінде еркін жатады,тіл ұшы астыңғы тістің ішкі түбіне тиіп тұрады.Артикуляциялық қалпын осылай қойып [Ы]-дыбысын айнаға қарап балаңызбен бірге айтыңыз.Бала тілдің қалай тұрғанына мән берсін. (Қарамен белгіленген ережені жаттау)..[Ы]-айтқанда дауыс еш кедергісіз еркін еркін шығады. [ы]-дыбысы дауысты дыбыс,қызыл текшемен белгілейміз.
5. Жанды және жансыз дыбыстарды ажырату.Жанды дыбыстарға кімдердің, нелердің дыбыстары жатады..............................................................................................
...............................................................................................................................................
Жансыз дыбыстарға нелердің дыбыстары жатады:.........................................................
...............................................................................................................................................