21
июль
2025
Қауіпсіздік шаралары

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Балаларды ерте дамыту институты» базасында әзірленген Мектепке дейінгі ұйымдарда Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар – Астана, 2024 - 37 бет. Әдістемелік ұсынымдарда мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық қауіпсіздігінің жағдайы ретінде мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасы қарастырылады, мектепке дейінгі ұйымның білім беру ортасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтар әзірленді. Бұл нұсқаулық мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған. Балаларды ерте дамыту институты 2024 ж.
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА Әлемде ешбір адам техногендік және табиғи апаттардан сақтандырылмаған. Бүгінгі күні өмірдің өзі ересектерге ғана емес, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету қажет екенін дәлелдеді. Әлеуметтік, табиғи және экологиялық қолайсыз жағдайларда баланың қоршаған әлемді тануға деген қызығушылығы ол үшін қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан баланы өзінің және айналасындағылардың қауіпсіздігіне саналы, жауапты қарауға үйрету, төтенше жағдайларда жылдам әрекет етуге дайындау қажет. Негізгі міндет – балалардың санасында көшеде, жолдарда, қоғамдық көлікте, табиғатта және өрт болған кезде және тағы басқа жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне қарсылықсыз бағыну, яғни оларды орындау қажет деген ой қалыптастыру. Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде мектепке дейінгі ұйымдарда мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету олардың қауіпті жағдайларда саналы мінез-құлқын қалыптастыру бойынша мақсатқа бағытталған кешенді жұмысты көздейді. Қазіргі кезде өмір қауіпсіздігі мәселесін бүкіл әлем мойындайды және шешуді қажет ететін маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Әрбір адам, ересек те, бала да кез келген сәтте төтенше жағдайға, қауіпке тап болуы мүмкін. Техногендік және экологиялық апаттар, террористік актілер, әскери шиеленістер, қылмыстың өсуі, әлеуметтік және экономикалық тұрақсыздық әсіресе балаларға қатты әсер етеді. Бұл жұмыстың өзектілігі мектепке дейінгі жас баланың жеке тәжірибесін қалыптастырудың маңызды кезеңі болып табылатынымен байланысты, дәл осы кезеңде қауіпсіз мінез-құлық тәжірибесі қалыптаса бастайды, сондықтан балаларды қоршаған ортада қауіпсіз өмір сүруге дайындау жүзеге асырылуы керек. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты табиғи апаттар, төтенше жағдайлар, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіз мінез-құлық негіздерін үйрету бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету. Бұл материал балабақшаларда қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтеріне арналған нұсқаулық болып табылады.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДА ЖӘНЕ ОНЫҢ АУМАҒЫНДА ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР Әрбір мектепке дейінгі ұйым меншік түрлері мен нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдарды (бұдан әрі - Ұсынымдар) орындауға тиіс. Бұл ұсынымдар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде республикада бірыңғай саясат жүргізуге бағытталған. Күнделікті жағдайларда балалардың өмірі мен денсаулығы үшін олардың ата-аналары жауап береді, бірақ олар балабақшада болған кезде бұл міндет мектепке дейінгі ұйымның әкімшілігі мен тәрбиешілеріне жүктеледі. Балалардың балабақшадағы қауіпсіздігі – балабақшада, оның аумағында, ойын алаңында балаға қауіп төндірмейтін ортаны құру және қолдау. Мектепке дейінгі мекеменің әкімшілігі мен тәрбиешісі топқа келген әр баланың өмірі мен денсаулығын қорғауға жеке жауап береді, жарақаттанудан сақтандыруға ерекше назар аудара отырап балалардың барлық режімдік сәттеріндегі қауіпсіз мінез-құлықтарын бақылауды іске асырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелеу-білім беру процесін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес ұйымдастыру қажет. Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруға педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және тәрбиеленушілерді оқыту мен тәрбиелеу бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагог қызметкерлер жіберіледі. Тәрбиеші лауазымына қабылдау кезінде басшы қызметкердің назарын тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғау – мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеттерінің бірі (ҚР ОАМ 2022 жылғы 31 тамыздағы №385 бұйрығы Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының 2-тармағы), оның тікелей және негізгі міндеті болып табылатындығына аударуы қажет; бұл ұстаным лауазымдық нұсқаулықта нақты және толық көрсетілуі тиіс. Мектепке дейінгі ұйым басшысы айына кемінде бір рет рұқсатнамалық тәртіптеменің, техникалық күзет құралдарының (бейнебақылау жүйесі) жай-күйіне, құжаттаманың болуы мен оның жүргізілу тәртібіне, шығатын қосалқы есіктердің ұсталуына жоспарлы тексеру жүргізуі қажет.
Ғимараттың орталық кіреберісінде балабақша аумағында және ғимаратында бөгде адамдардың рұқсатсыз кірмеуін қадағалау мақсатында өткізу бекеті орнатылады. Түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері ғимаратты тікелей күзетуді мектепке дейінгі ұйымның басшысы бекіткен кесте бойынша күзетшілер жүзеге асырады. Келушілерді есепке алу журналына тіркегеннен кейін олардың жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана балабақша ғимаратына кіруге рұқсат етіледі. Мектепке дейінгі ұйым басшысының, жедел жәрдем мен өрт сөндіру және басқа да апаттық қызметтердің мекенжайлары мен телефон нөмірлері балабақшада көрінетін жерде орналасуы тиіс. Өрт шыққан жағдайда мектепке дейінгі ұйым меңгерушісінің әрекеттері тәрбиеленушілердің, балабақша қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оларды эвакуациялауға бағытталуы тиіс. Табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дереу төтенше жағдайлар бөліміне хабарлау қажет. Күдікті заттар табылған жағдайда «112» телефоны бойынша ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне қоңырау шалу қажет. Құқық қорғау органдарының өкілдері келгенге дейін педагог қызметкерлер дереу қауіпті аймақтағы тәрбиеленушілерді эвакуациялауға және осы аймаққа бөгде адамдардың кіріп кетпеуін қамтамасыз етуге міндетті. Мектепке дейінгі ұйымның сыртқы есігінің, аумақтан шығатын және шығатын қосалқы есіктердің баланың қолы жетпейтін биіктікте бекітпесі болуы және олар үнемі жабылуы тиіс. Балабақшаның педагог қызметкерлері өз жұмыс орындарына жұмыс уақыты басталғанға дейін кемінде 10 минут бұрын келуге, топтың үйжайларының, ойын алаңдарының қауіпсіздігі мен жабдықтардың жайкүйін, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіпті және күдікті заттардың бар-жоғын тексеруі тиіс. Қауіпсіздік режимінің бұзылуы анықталған кезде дереу оларды жою бойынша шаралар қабылдауға, әкімшілікті хабардар етуге міндетті. Анықталған бұзылыстар жойылғанға дейін тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыруға тыйым салынады. Тәрбиеленушілерді таңертең қабылдағанда ата-аналардан тәрбиеленушінің көңіл-күйі туралы сұрау және оның денсаулық жағдайын қарау жүзеге асырылуы қажет. Тәрбиеленушінің ауырып тұрғаны байқалса балабақшаға жіберу туралы шешім қабылдау үшін медициналық қызметкердің қарауына жіберіледі. Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күні бойы денсаулығындағы барлық ауытқулар туралы ата-аналарды немесе заңды өкілдерді уақтылы хабардар етуге міндетті. Тәрбиеленушінің ата - анасы немесе заңды өкілдері оны тәрбиешіге, ол болмаған жағдайда топ тәрбиеленушілерін қабылдауды жүзеге асыратын өзге де педагог қызметкерге тапсыруы тиіс. Тәрбиеші ата-аналарға балалардың қалталарын үнемі бақылап отыруды айтуы, яғни олардың сіріңкелерді, дәрі-дәрмектер мен өткір заттарды және олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін басқа 6 заттарды пайдалануын болдырмау үшін жұмыс жүргізуі тиіс. Топқа сыртқы киіммен, ауыстырылатын аяқ киімсіз кіруге және бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады. Тәрбиеші таңертең балаларды қабылдағаннан кейін сыртқы есіктерді жабуы керек. Баланы мектепке дейінгі ұйымнан оның ата-анасы немесе заңды өкілдері алуы тиіс. Егер олардың баланы балабақшадан алып кете алмауының дәлелді себебі болса (ауруы, қызметтік іссапар, жұмыс кестесі және т.б.), онда ата-анасының немесе тәрбиеленушінің заңды өкілдерінің мектепке дейінгі ұйым басшысына берген өтініші негізінде өзге адамдар (жақын туыстары) жүзеге асыра алады. Тәрбиеленушілерді 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге, алкогольдік немесе есірткілік мас күйдегі адамдарға беруге тыйым салынады. Тәрбиешіге балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Егер кетуге қажеттілік туындаса, тәрбиеші көмекшісіне қайда және қай уақытта кететінін ескертіп, өз істерін біраз уақытқа тоқтатуды және балаларға қарауды сұрауы керек. Тәрбиешінің жұмыс орнында болмауы мектепке дейінгі ұйымның басшысымен келісілуі тиіс. Тәрбиешілер мен тәрбиеші көмекшілерінің сыртқы келбеті балаларға үлгі болуы керек. Қызметкерлердің киімдері мен аяқ киімдері балаларды қарау, күтім жасау, тәрбиелеу мен оқыту, дамыту, түрлі балалар әрекетін ұйымдастыру бойынша функционалдық міндеттерін орындауға кедергі келтірмеуі тиіс. Өкшесі биік аяқ киім киюге тыйым салынады, қызметкерлерге тырнақты өсірудің, ұзын шашты жайып жіберудің қауіптілігін, педагогтердің киімдерінің жыл мезгілі мен ауа температурасына сәйкес келмеуін түсіндіру қажет. Топтағы жиһаз, шкафтар, сөрелер, пианино, айналар, гүл қоятын тұғырлар құлап кетпес үшін және балалар жарақаттанбауы үшін (төбеге, қабырғаға немесе еденге) мықты бекітілуі керек. Балалардың көз деңгейінде ілгектерді, шегелерді қағуға, топты безендіру үшін қағаз түйрегіштерді, тігін түйреуіштерін пайдалануға тыйым салынады. Педагог инелерді, түйреуіштер мен қайшыларды, басқа да өткір және кесетін заттарды, шыны заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауы керек. Қауашақта өсетін гүлдерді баспалдақ бойына, киім ілетін шкафтарға және дәретханаға қоюға болмайды. Серуенге шығар алдында тәрбиеші ойын алаңында балалар үшін қауіпті заттардың (құрғақ ағаштар, кесетін заттар, ашық шұңқырлар, құдықтар) болмауын тексеруі, ойынға арналған жабдықтардың қауіпсіздігіне көз жеткізуі; балалардың бейтаныс өсімдіктерді ауыздарына алмауын қадағалауы тиіс. Ойын алаңындағы дене шынықтыру жабдықтарының жарамдылығын бақылау, жауапты тұлғаларға ақаулар туралы уақтылы хабарлау қажет. Тәрбиешілер балабақша ғимаратының қабаттары арасындағы 7 баспалдақтардан төмен түскенде және жоғары көтерілгенде тәрбиеленушілердің таяныштан ұстауын қадағалап, қауіпсіздікті сақтай отырып, ілесіп жүруі керек. Серуен кезінде мектепке дейінгі ұйымның аумағына бөгде адамдар кіре алатын немесе балалардың өздері кездейсоқ көшелерге шығып кететін жағдайлар орын алмауы тиіс. Балабақшада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оның аумағы дуалмен және жасыл желектермен қоршалуы керек. Қоршаудың биіктігі әртүрлі болуы мүмкін — бұл нормативтік актілерде көрсетілмеген. Мектепке дейінгі ұйымның аумағында сыртқы жасанды жарықтандыру орнатылуы тиіс. Балалар топта болған кезде терезелерді ашуға тыйым салынады; жазғы кезеңде терезелердің қорғаныш дәке жақтауы немесе москит торлары болуы керек. Мектепке дейінгі ұйымның үй – жайларындағы электр сымдары оқшаулануы, электр құралдары тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жерде болуы тиіс. Топта тұрмыстық электр құралдарын: шәйнектерді, үтіктерді және т. б., оқытудың техникалық құралдарын (магнитофон, проектор, ноутбук және т.б.) қажет болмаса ұзақ уақыт бойы розеткаға қосып қоюға тыйым салынады, ОТҚ-ын пайдаланып болғаннан кейін штепсель айырын қауіпсіздік техникасын сақтай отырып (қол құрғақ болуы керек), розеткадан ажырату қажет. Балабақшадағы жауапты адамдар жиһаздың, төсек-орын мен ыдысаяқтың, шүберектің таңбалауының сақталуын қатаң бақылауға міндетті. Жуу құралдары мен дезинфекциялау құралдары таңбаланған ыдыстарда тәрбиеленушілердің қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс. Буы денсаулыққа қауіпті ерітінділерді немесе сұйықтықтарды топқа әкелуге тыйым салынады. Топтағы балаларды емдеу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден дәрілер мен басқа дәрі-дәрмектерді алуға қатаң тыйым салынады. Ата-аналардың немесе заңды өкілдердің дәрі-дәрмектерді балалардың шкафтарында қалдыруына жол берілмеуі тиіс. Тәрбиеші ата-аналардан немесе заңды өкілдерден балаларға арты жабық аяқ киім кигізуді талап етуі тиіс. Үйде киетін шәркей мен аяқ киім киюге тыйым салынады. Тәрбиеші әрдайым балалардың аяқ киімдерінің бауы байланғанына және ілгектерінің салынғанына көз жеткізуі керек. Тәрбиешілер карантиндік шараларды қатаң сақтауы және олардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Тәрбиеші топтың ішіне жеке заттарын қоймауы керек, өзінің жұмыс орнын таза ұстауға, барлық кіретін есіктерге еркін кіріп-шығуды қамтамасыз етуге міндетті.
ТАМАҚТАНУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісіне топ бөлмелеріне қайнаған су әкелуіне тыйым салынады. Дәліздер мен баспалдақтарда балалар болмаған кезде асханадан тағамдарды әкелу керек. Ауыз су ішу тәртібін ұйымдастыру үшін тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану қажет. Қайнаған суды ауыстыру кестесін сақтау. Ата-аналардан балабақшада балалардың тамақтану рационында көзделмеген өнімдерді (торттар, бәліштер және т.б.), әсіресе дайындау мерзімі көрсетілмеген тағамдарды алуға тыйым салынады. Тамақтанып болғаннан кейін тәрбиеленушілердің ауызды шаюын ұйымдастыру керек. Балаларға аузындағы тамақ, сағыз, кәмпиттер және т.б. ұйықтауға жол бермеу, осы мақсатта әр баланың ауыз қуысын ұйқыға жатқызу алдында тексеру. Тамақтану кезінде тәрбиеленушілердің үстел басында дұрыс отыруын және ас құралдарын пайдалануын қадағалау қажет. Жарақаттануды болдырмау үшін ас ішетін және сусын ішетін ыдыстарда жарықтар мен сынықтар болмауы керек. Ыдыс сынған жағдайда тәрбиеші балаларға сынықтарға қол тигізуге рұқсат бермеуі, оларды ересектер жинап алатынын айтуы тиіс. Тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескеру (оның ішінде олардың жекелеген азық-түлікті және тағамды ішпейтінін).
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Тәрбиелеу-білім беру процесін жоспарлау мен ұйымдастыруда тәрбиешілер соқтығысуды, құлауды, дау-жанжалдарды, жарақаттарды болдырмайтын түрлі балалар әрекеттерін өткізуі керек. Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері тәрбиеленушілерді балабақшада, көшеде, тұрмыста, табиғи және төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық негіздерімен таныстыруға міндетті. Спорт залында және серуенде ірі спорт жабдықтарын пайдалана отырып, балалардың қимыл әрекетін ұйымдастыру кезінде, сондай-ақ бассейнде тәрбиешілер балаларды құлаудан, жарақатанудан сақтандыруды қамтамасыз етуі тиіс. Психологиялық жайлылық орнату (қарым-қатынастың демократиялық стилі, әрекетті еркін таңдау үшін жағдай жасау, оқшаулану орындардың болуы, топқа ата-аналардың еркін кіру мүмкіндігі). Тәрбиеші тәрбиеленушілермен дене шынықтыру және музыка ұйымдастырылған іс-әрекетін өткізген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жәрдемдесуге міндетті. Педагогтерге балаларға қандай да бір тапсырма беріп, топтан тыс жерлерге қараусыз жіберуге тыйым салынады. Тәрбиеленушілермен тәрбиелеу-білім беру процесін өткіу кезінде тәрбиешіге санитарлық-гигиеналық, дидактикалық, эстетикалық талаптарға сәйкес келетін берік, ыңғайлы демонстрациялық және үлестірмелі материалдарды қолдану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес жайлы және қауіпсіз заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру үшін ойын, шығармашылық, даму аймақтарын дербес анықтау қажет.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Шығармашылық әрекетті бастамас бұрын тәрбиеші барлық балаларды назарда ұстауы, тәрбиеленушілерге қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы ескертуі тиіс. Тәрбиеші шығармашылық әрекет кезінде пайдаланылатын қайшылардың ұштары доғал болуы керек екенін бақылауы керек. Балаларды қайшымен қауіпсіз жұмыс істеуге үйрету. Педагог таңертең пісіріліп, салқындатылған крахмал желімін немесе ұнды қолдануы қажет. ПВА желімін пайдалануға болмайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші балаларға өзінің жұмыс орнын ретке келтіруді, шығармашылық әрекетте қолданылған материалдарды, жабдықтарды арнайы бөлінген орындарға жинауды ескертеді. Қарындаштарды көлденеңінен қою, сонымен қатар балалардың қарындашты қалай ұстайтынына назар аудару керек. Бояулармен және қылқаламдармен жұмыс жасағанда тәрбиеленушілерге суды шыны ыдысқа құймауды ескерту. ОЙЫН ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Ойын әрекетін ұйымдастыру кезінде тәрбиеші балалардың ойыншықтарды, текшелерді бір-біріне лақтыруына, жүгіруге, секіруге, бірбірін итеруіне жол бермеуі тиіс, ойын кезінде орындықтар мен үстелдерге тұруға, үстелдердің астымен еңбектеуге болмайтыны және ойын ережесін сақтау керек екенін айтуы қажет. Балалардың арасында дау-жанжал туындаған жағдайда тәрбиеші араласып, оларға дау-жанжалдан аулақ болуға тырысу, тату ойнау керектігін түсіндіруі керек. Үйден әкелген заттарды: шыны, өткір немесе кесетін заттарды, сіріңкелерді, оттықтарды, дәрі-дәрмектерді және т.б. балалардың ойындарда пайдалануына рұқсат етпеуі тиіс. Тәрбиеші ойын әрекеті кезінде тәрбиеленушілерге: - үстел үсті ойындарын пайдаланғаннан кейін қораптарға салу және орнына қоюды; - ойынның бөлшектерін және басқа да ұсақ заттарды алуға болмайтынын; - топ бөлмесінде қимылды ойындар өткізген кезде тек тәрбиеші анықтаған аумақты пайдалануды ескертуі қажет.
ЕҢБЕК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Балабақшаның топтары мен учаскелерінде баланың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасалуы керек: - балалар пайдаланатын үстелдер, орындықтар, басқа да жиһаздар мен жабдықтар олардың өсу көрсеткіштеріне (бойларына) сәйкес келуі керек; - барлық шкафтар мен сөрелер мықты бекітілуі керек. Жабдықтар, материалдар, керек-жарақтар құлау мүмкіндігін болдырмайтындай, олардың толық қауіпсіздігі мен беріктігін ескере отырып орнатылуы тиіс; - балалардың дербес еңбек әрекетінде пайдаланылатын құралдарды биіктігі баланың көз деңгейінен аспайтын сөрелерде және шкафтарда орналастыру қажет; - аквариумдар, тордағы жануарлар және табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктері бала еденде тұрып оларға күтім жасай алатындай етіп орналастырылады; өсімдіктерді суару кезінде балалардың киіміне, жеңдеріне су ағып кетпеуі үшін су құйғышты кеудесінің деңгейінен төмен ұстауы керек. Құралдарды қолданумен байланысты балалардың кез-келген еңбек әрекеті тек педагогтің тікелей бақылауымен жүзеге асырылады. Балалардың қолдан бұйымдар жасауы үшін табиғи, қалдық және басқа материалдарды таңдағанда, тәрбиеші үнемі олардың қауіпсіздігін ескеруі тиіс, өткір, кесетін шөптерді, улы жидектерді, саңырауқұлақтар мен өсімдіктерді, қатты сымды, сынған шыныны, күкірті бар сіріңке шилерін және т. б.алмауы қажет. Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың тиімділігін, сонымен қатар қолдан қандай бұйымдар жасауға болатынын ойластырып, толық аяқталмаған балалар жұмыстарының көп жиналуын болдырмау керек. Асхана және табиғат бұрышы бойынша міндеттермен байланысты тапсырмаларды орындау кезінде балалар ас блогына тек қана ересекпен бірге бара алады; балалардың ыстық тамақты, суды және басқа да ыстық заттарды алып жүруіне қатаң тыйым салынады. Балаларды инфекция жұқтыру қаупі бар жұмысқа тартуға қатаң тыйым салынады (унитаздарды жинау, кір киім-кешектерді, тұрмыстық қалдық заттарды жинау және т. б.). Балаларды от жағуға, құрғақ жапырақтар мен қоқыстарды жағуға тартуға болмайды. Барлық жабдықтар, құралдар мен материалдар ұқыпты, ыңғайлы орналастырылуы, таза және жабық ыдыстарда жарамды күйде сақталуы тиіс. Тәрбиеші балалардың еңбек әрекеті үшін қажетті жағдайлар жасайды, оларға әртүрлі материалдар мен құралдармен жұмыс істеу дағдыларын үйретеді, балалардың еңбек әрекеті процесінде мінез-құлық ережелерін меңгеруін және орындалуын қамтамасыз етеді. Балалар мынадай талаптарды 12 білуі және қатаң сақтауы керек: - тапсырылған жұмысты тек осы еңбек түрі үшін бөлінген орындарда ғана орындау; - жұмысқа кіріспес бұрын алжапқыш пен басқа да арнайы киім кию, жеңді түру және қолды жуу, қажет болса, шашты жинау; - берілген тапсырмаға сәйкес жұмыс орнын дайындау: қажетті материалдар мен құралдарды ұқыпты, ыңғайлы және ретімен орналастыру, олардың жұмыс істеуге жарамды екеніне көз жеткізу; - еңбек әрекеті кезінде үнемі өзінің жұмыс орнында тазалық сақтау, оның қоқыстануына жол бермеу; - тәрбиеші көрсеткен ережелер мен тәсілдерді қолдана отырып, құралдар-жабдықтарды тек олардың тікелей міндеті бойынша пайдалану. Дербес әрекет үшін қажетті құралдарды тек тәрбиешінің рұқсатымен алуға болады; - алаңдамай, мұқият жұмыс істеу, қолындағы құралдармен жүрмеу және басқа балаларға кедергі жасамау; - жұмыс аяқталғаннан кейін құрал-жабдықтардың жай-күйін тексеру, оны тазарту, орналастыру және жинау. Жұмыс орнын сыпырғыштың, щетканың және дымқыл шүберектің көмегімен ретке келтіру керек. Содан кейін қолды мұқият жуу, жұмыс киімдерін жинау, киімді түзету; - шамалы жарақат алған, денесі көгеріп немесе қолын жырып кеткен жағдайда дереу тәрбиешіге айту.
СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Серуенге шықпас бұрын тәрбиеші қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аумақты тексеруі керек. Педагог балалардың балабақшадан баяу шығуын және баспалдақтан түсуін бақылауды қамтамасыз етеді. Тәрбиешінің көмекшісі балаларды серуендеуге және кері қайтаруға еріп жүруі керек. Тәрбиеші барлық балаларды көз алдында ұстауы, балаларды бақылап, қажет болған жағдайда көмекке келуі керек. Тәрбиешінің міндеттеріне температураны және ауа-райымен температуралық жағдайға сәйкес балалардың киімін бақылау мен балалардың бас киімінің болуын қамтамасыз ету кіреді. Шөп, асфальт немесе құммен жалаң аяқ жүруге тәрбиеші аумақты қауіпсіздік тұрғысынан тексергеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Жыл сайын көктемде ойын алаңдарында құмды толық ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Жазда құм жәшігіндегі құм күнделікті қазылып, қайнаған сумен күйдірілсе ғана құммен ойнауға рұқсат етіледі. Тәрбиеші белгіленген режимді, серуендеу ұзақтығын және балалардың іс-әрекетінің (ойын, еңбек) өзгеруін сақтауы керек. Балалардың серуендеу, ойын және еңбек кезінде шамадан тыс жұмыс істеуін, қызып кетуін және гипотермиясын болдырмау үшін серуендеу жоспарына байланысты балалар әрекетінің түрлерін қимылдыдан аз қимылдыға ауыстыру қажет. Сырғанақпен, мұз жолымен сырғанау, тербелу, өрмелеу, биіктіктен секіру, спорттық құрал-жабдықтар, лақтыру, скутер, шаңғы, велосипед тебу және т.б. кезінде тәрбиеші сақтандыруды және бақылауды қамтамасыз етуі керек. Тәрбиешіге су айдындарының жанында, жол жиегіне жақын жерде ойын өткізуге, бір уақытта бір ойын алаңында екі жас тобының балалары үшін серуендеуді ұйымдастыруға немесе өткізуге тыйым салынады. Серуен кезінде тәрбиешіге балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салынады. Тәрбиеші балалардың жеке гигиена талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етед і (лас заттарды ұстауға, қарды, мұзды ауызға салуға, бірбіріне құм немесе топырақ лақтыруға тыйым салынады). Егер бала серуеннен рұқсатсыз кетіп қалса, мұғалім бұл туралы меңгерушіге, ата-анасына (заңды өкілдеріне), ішкі істер бөліміне дереу хабарлауға міндетті. Баланы іздестіруді ұйымдастыру, белгілерін атау: сыртқы келбеті, жасы, киімін сипаттау. Оқыс оқиға болған жағдайда тәрбиеші балаға алғашқы медициналық көмек көрсетуі, бұл туралы дереу меңерушіге, медбикеге, ата-аналарға (заңды өкілдерге) хабарлауға, қажет болған жағдайда дәрігерді шақырып, баланы ауруханаға жеткізуге міндетті.
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ АУМАҒЫНДА ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Мектепке дейінгі ұйымның басшысы мен шаруашылық меңгерушісі балабақшаның аумағында орналасқан жабдықтарды (шағын нысандар, дене шынықтыру құралдары және т.б.) жылына екі рет міндетті түрде (қажет болған жағдайда – жиі) жарамдылығын қарап, тексеру актілерін жасайды. Сонымен қатар, тәрбиешілер күн сайын серуендеу алаңдарындағы жабдықтардың жайын тексеріп отыруы тиіс: олар ұшты бұрыштарсыз, шегесіз, кедір-бұдырсыз, шығыңқы бұрандасыз болуы тиіс, учаскелердегі жабдықтар мықты бекітілуі керек; сырғанайтын төбешіктер, баспалдақтар орнықты болуы керек, бала жеңіл құлауы үшін берік тақтайша мен амортизациялық беттер, таяныштар балалардың жасына және санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек. (Анықтама үшін: «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес (2021 жылғы 9 маусымдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы) балабақша аумағының қоршауы болуы тиіс. Балалардың әрбір жас топтары үшін жеке ойын алаңдары қарастырылуы керек. Мектепке дейінгі ұйым алаңдарының көлемдері балалардың санына қарай бір орынға кемінде 4 шаршы метр (бұдан әрі – м2) қабылданады. Әрбір ойын алаңда күн мен жауыншашыннан қорғау үшін үш жағынан қоршалған кемінде 20 м2 көлеңке қалқа көзделеді. Көлеңке қалқалардың едені ағаштан болуы көзделеді). Көктемгі-күзгі кезеңде жаңбырдан кейін жиналған суды серуенге шығар алдында тазарту; қоқысты жинау; бұталарды сәнді кесу бойынша шаралар жүргізіледі. Қысқы кезеңде серуен басталар алдында барлық құрылыстардың шатырын қардан және сүңгілерден, балалар алаңдарын, жолдарды қардан және мұздан тазарту, құм себу бойынша жұмыс жүргізіледі.
МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Музыка залына барған кезде педагогтер тәрбиеленушілермен бірге жүруі керек. Музыка жетекшісі тәрбиеленушілерге музыка залында өзін қалай ұстау керектігін және музыкалық аспаптарды қалай пайдалану керектігін еске салады: - музыка залында жүгіруге, секіруге, шулауға болмайды; - басқа балалар шалынып қалмас үшін орындықтарда тербеліп, аяқты алға созуға болмайды; - музыка залында ауыр заттарды (орындықтар, жабдықтар, әшекейлер) жылжытуға болмайды; - музыкалық аспаптарды тек музыка жетекшісінің рұқсатымен ғана пайдалануға болады; - құралдарды еденге, терезеге, қабырғаларға, айналарға немесе бірбіріне лақтыруға, оларды басуға болмайды. Музыка жетекшісі тәртіпті сақтауға және жұмыс орнын бөгде заттармен араластырмауға міндетті. Электр құрылғыларымен жұмыс істегенде қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Салауатты микроклиматты сақтау үшін музыка жетекшісі бөлмені желдетіп отыру керек. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына негізделіп өтуі тиіс. Техникалық оқыту құралдарын пайдалану нұсқауларын меңгергеннен кейін ғана қолдану қажет. Ұйымдастырылған іс-әрекеттерге декорацияларды, көрнекі құралдарды, дидактикалық материалдарды жасағанда музыка жетекшісі балалардың денсаулығы мен өміріне зиян келтіретін улы заттарды, шыныларды, сымдарды, инелерді және т.б. қолданбағаны жөн. Түрлі іс-шараларды өткізу кезінде музыка жетекшісі костюмдердің, әшекейлердің және жабдықтардың тесетін және кесетін заттардың баржоғын, бекітудің сенімділігін және оларды пайдалануға қауіпсіздігін тексеруге міндетті. Педагог тәрбиеленушілерге асықпай, тәртіппен музыка залынан шығуды ескертеді. Жұмыстың соңында музыка жетекшісі электр құрылғыларын электр желісінен ажыратып, жұмыс орнын ретке келтіріп, бөлмені желдетіп, терезелерді жауып, жарықты өшіруі қажет.
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ НҰСҚАУШЫСЫНА БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Спорт залға тек тәрбиешінің еріп жүруімен келіп, қайту керек. Педагогтер спорт залға спорттық киімде және ойыншықсыз келу керектігін еске салады. Дене шынықтыру нұсқаушысы жаттығуларды орындау кезінде барлық талаптарын мұқият тыңдап, орындау қажеттігін түсіндіру керек. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер кезінде дене шынықтыру нұсқаушысы балаларғажаттығу залында қауіпсіздікті сақтау қажеттілігі туралы әңгімелейді: - гинастикалық қабырғаға баяу көтерілу және түсу; - соқтығысуды болдырмау үшін жүгіру кезінде кенет тоқтамау; - жаттығуларды орындау кезінде қауіпсіз арақашықтықты сақтау. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер кезінде дене шынықтыру нұсқаушысы балалардың: -жаттығуларды орындау кезінде сөйлесуге болмайды, өйткені тіліңізді тістеп алуыңыз мүмкін; - қимылды ойындар кезінде бір-бірін итермеу керек; - спорттық құрал-жабдықпен балалар ойнап жүрсе, оған жақындамаңыз, бірақ сіз өз кезегіңізді шыдамдылықпен күтіп немесе олармен уақытты келісуіңіз керек; - спорттық құрал-жабыдқтар үстінде бір-бірін итермеу; - спорттық құрал-жабдықтарды рұқсатсыз алмау; - ересек адамның рұқсатынсыз спорттық құрал-жабдықтарды жылжытуға болмайтындығын естеріне салу керек. Егер балалар спорттық құралдардың немесе жабдықтардың қандай да бір ақауларын байқаса, олар дене шынықтыру нұсқаушысына немесе тәрбиешіге хабарлауы керек. Педагогтер тәрбиеленушілерге ұйымдастырылған іс-әрекеттердің соңында спорт залынан сабырлы қадаммен шығып, бір-бірден сапқа тізіліп, дүрбелең тудырмау, итермеу керектігін еске салады.
ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КЕЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ Төтенше жағдайлар кезінде (өрт, жер сілкінісі, су тасқыны) үрейленбеу керек. Әр тәрбиешінің міндеті – өзінің тобындағы балаларды құтқару, содан кейін мектепке дейінгі ұйым меңгерушісіне немесе әдіскерге нәтижелері туралы айту. Олардың барлық нұсқауларын нақты орындау өте маңызды. Әрбір тәрбиеші баланың өмірі мен денсаулығына жауап беретінінтүсінуі керек. Эвакуациялық кіретін және шығатын есіктердің алдында қажетсіз заттар үйіліп жатпауы тиіс. Есіктерді ішкі жағынан оңай ашылатын бекітпенің көмегімен жабулы күйде ұстау керек. Өрт бөлмеге енген жағдайда терезелерді ашуға болмайды, өйткені өкпек желден қатты өрт болуы мүмкін. Тәрбиеші балаларға жанып жатқан үй-жайлардан жылдам шығу үшін мұрын мен ауызды дымқыл шүберекпен жауып, төрт тағандап, шығатын есікке қарай жылжу керектігін түсіндіреді. Егер өрт кезінде баланың киімі жанып кетсе, оны дымқыл шүберекпен орап, оттегінің енуін тоқтату үшін матаны денеге басу керек. Ешқандай жағдайда киімді сөндіру үшін өрт сөндіргішті қолдануға болмайды, өйткені қосымша химиялық күйіктер алуы мүмкін. Жанып жатқан үй-жайлардан балаларды іздеу балабақшаның барлық бөлмелері тексерілген жағдайда ғана тоқтатылады. Өрт кезінде тәрбиеленушілер ойын алаңына шығарылып, меңгерушіге немесе ол болмаған жағдайда үй-жайдан эвакуациялау нәтижелері туралы әдіскерге хабарланады. Тәрбиеші балаларға төтенше жағдайда (жер сілкінісі, су тасқыны) дереу тәрбиешіге немесе тәрбиешінің көмекшісіне жүгіну керектігін түсіндіреді. Кереуеттердің, үстелдердің, шкафтардың артына тығылуға, басқа бөлмелерге қашуға т.б. болмайтындығын, бұл ересектердің сізді тез тауып, құтқаруына бөгет болатындығын түсіндіру керек. Тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің барлық нұсқауларын орындау қажет. Электр қазандықтары мен шәйнектер балалар бар топтарда пайдаланылмауы керек, сондай-ақ макулатура қоймалары немесе жанғыш металдар мен құрылыс материалдары тұрғын емес үй-жайларда сақталуы керек. Жабық кеңістікте отшашуларды, шамдарды жағуға болмайды. білім беру процесін ұйымдастыру кезінде баллардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша